Ақтау маңында ұшақ құлады: апаттың болжамды себебі аталды

Кеше, 12:24 570

25 желтоқсан күні Ақтау маңында ұшақ құлады. Әуе кемесі апатының алдын ала себебі аталды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, Embraer 190 ұшағы құстармен соқтығысқан.

Көлік министрлігі әуе кемесі Әзербайжанның Az Airlines компаниясына тиесілі екенін айтты. Ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған.

Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі, - делінген ақпаратта.

ТЖМ мәліметінше, Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: