19.10.2025
18:04
382
Ақтау маңында құлаған ұшақтың тағы бір жолаушысы көз жұмды

Ақтау маңында құлаған ұшақтың тағы бір жолаушысы көз жұмды

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 әуе лайнерінің ауыр жарақат алған жолаушысы, Әзербайжан азаматы Нурулла Сираджов қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сираджов жұбайымен бірге Бакуден Грозныйға онкологиялық ота жасату үшін ұшып бара жатқан. Апат пен одан кейінгі ұзақ оңалту кезеңіне байланысты ем алу мүмкін болмаған.

Еске салайық, ұшақ бортында 67 адам болған — оның ішінде 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 38 адам, соның ішінде 6 қазақстандық қаза тапқан. 29 адам, оның ішінде екі бортсерік, аман қалған.