29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға өткен жылдың көктемінде еліміздің жеті өңірінен шақырылған 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Қонақтардың қатарында Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Сабыр Нәжекенов, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева және әскери бөлімдердің командирлері бар.
Сіздер бригадада лайықты қызмет еттіңіздер. Бір жыл ішінде өмірлік тәжірибе жинап, нағыз ерлер мен патриоттарға тән қасиеттерді дамыта алдыңыздар. Болашақта өздеріңе пайдалы болатынына сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін, - деді бригада командирі полковник Марат Құдабаев.
Әскери қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар мен фотоальбомдар табыс етілді.
Алғыс сөздер әскери қызметшілердің өздерінен де айтылды.
Әскери бөлім командирі полковник Марат Рашитұлы Құдабаевқа, бөлімше командирлері мен сержанттар құрамына біздің қалыптасу жолындағы білімі мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бүгін үйге оралғанда көпшілігіміз келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, тағдырымызды Қарулы күштермен байланыстыру туралы шешім қабылдадық, - деді Ержанат Болатбайұлы.
Айта кетейік, көктемгі науқан қорытындысы бойынша Ақтау гарнизонынан 1500-ге жуық әскери қызметші запасқа шығарылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек