30.05.2024
23:16
853
Ақсу ферроқорытпа зауытында күйік шалған машинист қыз көз жұмды

Ақсу ферроқорытпа зауытында күйік шалған машинист қыз көз жұмды

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

25 жасар пациент Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға 25 мамыр күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Барлық емдеу шаралары толыққанды жүргізілгеніне қарамастан ол ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдеді басқармадан.

Айта кетейік, 24 мамырда Ақсу ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болды. №6 цехта ыстық металл құйылған шөміш жарылып көтергіш кранның екі машинисі күйіп қалды. Екеуі де әйел адам. Оң жақ қолынан жеңіл жарақат алған науқастың бірі ауруханадан үйіне қайтарылды.