Әнші Димаш Құдайберген YouTube желісіндегі «Бизнес под капотом» арнасына көлемді сұхбат беріп, ақша мен атаққа деген көзқарасы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сұхбат барысында жүргізуші Айдос Жұмағұлов әртістің әлемдік деңгейде танылғанына қарамастан, бес жыл бұрынғы iPhone 12 телефонын әлі де қолданып жүргеніне назар аударып, себебін сұрады.
Оған жауап берген Димаш материалдық құндылықтан бұрын рухани байлықты жоғары қоятынын айтты. Әнші бір дананың сөзін мысалға келтіріп, Атамекені, Тәуелсіз мемлекеті, кең байтақ жері мен аман отбасын ең үлкен байлық деп санайтынын жеткізді.
Әрине, ақша барлығымызға керек. Бірақ ақшаға деген махаббат алақанымыздың тұсында ғана болуы тиіс. Егер ол жүрекке өтіп кетсе, тұла бойымызды билеп, санамызды улайды. Сондықтан ең бастысы – адами құндылықтарды сақтап қалу, - деді ол.