"Ақша қуған адам емеспін". Құдайберген Бекіш концерт билеттеріне қатысты мән-жайды айтты

20 Желтоқсан 2023, 15:00 3676

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа мектеп мұғалімі әнші Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп сатып жатқаны туралы айтып, шағымданғанын жазған едік. Әншінің өзі аталған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іле ауданында ешқандай концертім ұйымдастырылып жатқан жоқ. Ондай бағаға тек Димашқа ғана келуі мүмкін. Екіншіден, ол менің Алматыдағы концертім. Ешкім ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ. Қазір кім кімді мәжбүрлей алады? Бұл менің кішкентай ғана концертім. Жылда жыл соңында концерт ұйымдастырып, қайырымдылық ұйымдастырамын. Ақша қуған адам емеспін. Бармаймын деген адамды ешкім сүйреп әкелмейді ғой. Ешкімнің екі басы жоқ. Билетті Алматы облысына апарып, таратқан емеспін. Бұл дұрыс емес. Көреалмаушылық та көп қой. Қылт етсең болды, сенің жаман жағыңды көреді, - деді Құдайберген Бекіш Nur.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Іле аудандық білім бөлімі мектеп мұғалімдеріне концертке билетті 10 мың теңгеден сатып жатқаны туралы ақпарат таралған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: