«Ақша бермеңіздер!»: Вице-министр баласы әскерде жүрген ата-аналарға үндеу жолдады

20 Қыркүйек, 17:15 679

Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев әскерде сарбаздардан ақша жинау мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерзімді әскери қызметшілер өзінің ата-анасынан мың теңге, екі мың теңге, үш мың теңге сұрайтыны туралы әңгімелер бар. Оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп айтқан дұрыс ұғым деп ойламаймын. Бізде бір жағдай болды: бір офицер сарбаздардан 3 мың теңге алған. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер оның кінәлі екені анықталса, Қылмыстық кодекске сәйкес жазасын алады, - деді генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.

Вице-министрдің сөзінше, сарбаздардың жағдайы жасалған. Жазықбаев осы мәселеге байланысты ата-аналарға үндеу жасады.

Әрбір мерзімді әскери қызметшінің киімі де, тамағы да – бәрі бар. Егер де ақша сұрайтын болса, оны беріп керек емес. Өзіне керек заттарды жалақысынаг алады. 3000 теңге жалақысы бар. Егер де басқа сұраныстары көбейіп жатса, барлығыңызда сол әскери бөлім командирінің, әскери полицияның телефон нөмірі бар. Бірден оларға ақпарат берулеріңізді сұраймын, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Миражан Махан
Бөлісу: