АҚШ-тың бұрынғы президенті ауруханаға түсіп қалды

Кеше, 09:56 318

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон дүйсенбі күні Вашингтондағы Джорджтаун университетінің медициналық орталығына жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клинтон аппараты басшысының орынбасары Ангел Уреннің мәліметінше, 78 жастағы ер адамның температурасы көтеріліп, бақылауда болуы үшін ауруханаға жатқызылған.

Көңіл күйі жақсы және өзіне көрсетіліп жатқан күтімге алғысы шексіз, - деді Урена.

1993 жылдың қаңтарынан 2001 жылдың қаңтарына дейін екі мерзімге президент болған демократ Клинтон осы жазда Чикагода өткен Демократиялық ұлттық конвенцияда сөз сөйлеп, АҚШ президенттігіне сайлауға түскен вице-президент Камала Харриске қолдау көрсетті.

Клинтон Ақ үйден кеткелі денсаулығына байланысты бірқатар қиындыққа тап болды.

2004 жылы ол жүрегіне операция жасатады. 2010 жылы коронарлық артериясына бірнеше стент имплантацияланды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: