Министрлік хабарлағандай, үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізуге ниетті.
Қосымша баж белгілі бір тауар топтарына қатысты енгізіледі. Бұл санаттағы тауарлардың экспорт көлемі былтыр 95,2 млн АҚШ долларын құрады.
Олардың ішінде мына тауарлар бар:
Қазақстанның АҚШ-қа экспорт құрылымында негізгі орын алатын тауарлар — шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар және басқа да тауарлар. Бұл санаттағы өнімдер АҚШ президентінің "Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы" жарлығы бойынша ерекшеліктер тізіміне енгізілген тауарлардың 92%ын құрайды.