Калифорния тұрғыны Эндрю Гарсияның Lamborghini Huracan EVO көлігін ұрлап кеткенде, ол оны қайта көремін деп ойламаған. Автокөлік люкс-көліктерді ұрлаудың көпдеңгейлі схемасы аясында жоғалып, іздеу нәтижесіз болған. Алайда екі жылдан соң әлеуметтік желіден келген хабарлама мен жасанды интеллекттің көмегінің арқасында қуанышты хабар жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Америкалық ChatGPT арқылы ұрланған Lamborghini-ін тапты
Эндрю Гарсия көлігінің жоғалып кеткеніне ұзақ уақыт сене алмаған.
Ұрлық күрделі алаяқтық схеманың бір бөлігі болған: қымбат көлікті жалға алғандар оны қайтармай, құжаттарын өзгертіп сатып жіберген.
Басқа иелерінің кейбірі көліктерін қайта алғанымен, Гарсия бос қалған.
Бір күні оған әлеуметтік желіде бейтаныс адам хабарласып, «Lamborghini-ді сатпайсыз ба?» деп сұрайды да, көліктің жаңа суреттерін жібереді.
Көліктің бардачогынан Гарсияның визиткасы табылған.
Ұрланған көлікті қалай тапты?
Гарсия бірден полицияға жүгінген жоқ. Ол істі өз қолына алды.
ChatGPT мен Google-дің геолокациялық құралдарының көмегімен ол фотолардағы көшелерді салыстырып, көлігін АҚШ-тың Колорадо штаты, Денвер қаласынан тапқан.
Гарсияның мәліметінен кейін полиция көліктің шынымен де оның Lamborghini-і екенін растады.
Қазір тергеу жалғасуда. Колорадо полициясы атап өткендей, дәл осындай креативті тәсіл көліктің табылуына себеп болған.
Бүгінде ұрлық ісіне қатысы бар адамдар Калифорнияда сот алдында жауап беруде: біреуі үкімді күтіп отыр, ал екіншісінің соты 2025 жылдың қазан айына белгіленген.
Қорытынды
Эндрю Гарсияның оқиғасы – жай ғана сәттілік емес, жасанды интеллекттің нақты өмірде көмектесетінін дәлелдейтін мысал. ChatGPT бұл жолы ойыншық емес, цифрлық із кесу құралы ретінде өзін көрсетті.