АҚШ-тың Мичиган штатына қарасты Гранд-Бланк қаласындағы шіркеуде болған оқиғадан бір адам көз жұмып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Report агенттігінің сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Бұл ақпаратты полиция растады. Белгілі болғандай, 40 жастағы ер адам шіркеуге жиналғандарға автоматты қарудан оқ жаудырған. Оқиға кезінде 10 адам жарақат алып, оның біреуі ауруханада қайтыс болды. Шабуылшының өзі ұсталды.
Куәгерлердің айтуынша, күдікті адамдарға оқ атқаннан кейін ғимаратқа от қойған. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.
Атыстан кейін шіркеуді өрт шарпыған.