25.09.2025
00:30
451
АҚШ-тағы ICE кеңсесінде атыс болды

АҚШ-тағы ICE кеңсесінде атыс болды

Федералдық биліктің хабарлауынша, бірнеше адам жараланып, қаза тапқан, ал атқыш өзін-өзі атқан оқтан мерт болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Полицияның мәліметінше, құқық қорғаушылар Далластің солтүстік-батысындағы кеңседе атыс туралы хабарға жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:40 шамасында жауап берген. Бұл жайында полицейлер X платформасында жариялаған жазбасында айтты.

Жергілікті WFAA телекомпаниясы дереккөздерге сілтеме жасап, атқыштың көрші ғимараттың шатырынан өлі күйінде табылғанын хабарлады.

CNN-ге берген мәліметінде ICE басшысының міндетін уақытша атқарушы Тодд Лайонс: «Алдын ала деректер бойынша, әңгіме снайпер туралы болуы мүмкін», – деп мәлімдеді.