АҚШ-та жасанды ұрықтандыруға тыйым салына бастады

1 Наурыз, 11:14 956

АҚШ-тың Алабама штатында экстракорпоральді ұрықтандыру процесі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған Жоғарғы соттың эмбриондарды балаларға теңестіріп, ал оларды жою – адам өлтіру деп қабылдаған шешімі себеп.

Алабама сотының шешіміне 2020 жылы болған оқиға әсер еткен. Ол кезде пациент мұздатылған эмбриондары бар ыдысты сындырып алып, тиісінше генетикалық ата-анасы сотқа шағымданған. Осыдан соң эмбриондар тірі адамдарға теңестірілді.

ВВС мәліметінше, штаттағы үш клиника бұл қызмет көрсетуді уақытша тоқтатқан, олар қызметкерлері адам өлтірді деп айыпталмас үшін осындай қадамға барған.

Алабама университеті өкілдерінің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі жұмыртқаны алуды ұсынуды жалғастырғанымен, енді жұмыртқаны ұрықтандырмайды және эмбриондарды дамытпайды, — деп жазады ВВС.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: