АҚШ-та маусым айында үйдің шатырына түскен метеорит Жерден шамамен 20 миллион жылға үлкен екені анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Джорджия мемлекеттік университеті жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл ғарыштық тастың жасы шамамен 4,56 миллиард жыл екені белгілі болып отыр. Ал Жердің жасы 4,54 миллиард жылды құрайды.
Ғалымдардың айтуынша, метеорит 26 маусымда аталған штатта үйдің шатырына түскен. Университет зерттеушісі Скотт Харрис «Бұл метеорит атмосфераға еніп, үйге соғылғанға дейін өте ұзақ тарихты бастан кешкен» деп тұжырым жасады.
Ал үй иелері болса әлі күнге дейін ғимарат айналасынан метеориттің ұсақ бөлшектерін тауып жатқанын атады.