АҚШ-та спорт залда атыс болып, екі адам көз жұмды

1 Шілде, 08:23 626

АҚШ-тың Вирджиния штатының Александрия қаласындағы спорт залдардың бірінде атыс болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарулы азамат алдымен бір адамды, сонан соң өзін-өзі атып өлтірген.  

DC News Live порталының хабарлауынша, оқиға 29 маусым күні түстен кейін болған. Оқиға болған кезде спорт залда 60-қа жуық адам болған. Олар атысты естіп, ғимараттан жүгіріп шыққан.

Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайтыс болғандардың денелеріне сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Зарина Арман
Бөлісу: