АҚШ-та мектептегі атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-та мектептегі атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Миннеаполис қаласында орналасқан Annunciation атты католик мектебінде болған атыс салдарынан үш адам, соның ішінде атыс ашқан күдікті де қаза тапты. Шамамен 20 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Қалалық билік өкілдері күдіктінің «залалсыздандырылғанын» және «халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын» мәлімдеді. Дереккөздердің айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп Миннесота штатында болған атыс туралы хабардар екенін айтты.

Миннесота штатының Миннеаполис қаласында болған қасіретті атыс жөнінде толық ақпарат алдым, – деп жазды ол Truth Social желісінде. – ФБР жедел әрекет етіп, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ақ үй бұл қорқынышты жағдайдың барысын қадағалайды, – деп қосты АҚШ басшысы.