14.11.2025
16:41
655
АҚШ-та ер адам етке аллергиядан қайтыс болды

АҚШ-та ер адам етке аллергиядан қайтыс болды

АҚШ-та Нью-Джерси штатында тұратын 47 жастағы ұшқыш етке аллергиядан көз жұмды. Бұл тарихтағы осындай алғашқы жағдай. Бұл туралы Journal of Allergy and Clinical Immunology: In Practice (JACI) медициналық басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, гамбургер жеген соң араға төрт сағат салып ер адамның жағдайы кенет нашарлаған.  Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде болған. Тәжірибелі дәрігерлер мен сот-медициналық сарапшылардың өзі оның өлімінің нақты себебін ұзақ уақыт бойы анықтай алмаған.

Кейін қайғылы жағдайдың алдында оны кене шағып алғаны анықталды. Кене шаққан кезде қандағы ерекше антиденелер оның ағзасында етке ауыр аллергиялық реакция – альфа-гал синдромын (АГС) тудырған.

Біз ет қолданғаннан кейін альфа-гал синдромынан болған алғашқы расталған өлім жағдайын тіркедік, – делінген зерттеу материалында.

Зерттеуде атап өтілгендей, бұл қауіпті ауруды тарататын * Lone Star* деп аталатын жұлдызшалы кенелер АҚШ-та бұрыннан бар. Олар негізінен елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және Орта Батысында жиі кездеседі.