АҚШ-та ер адам 34 мың бургер жеген

5 Наурыз, 13:33 1397

Американдық 52 жылда 34 мың Биг Мак жеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Висконсин штатына қарасты Фонд дю Лак қаласының тұрғыны Дон Горске бургердің дәмін алғаш рет 1972 жылдың мамырында татып көрген, ал 1999 жылға қарай күніне 9 реттен бургер жейтін болыпты.

Уақыт өте келе ол бургерлер саны күніне екіге дейін қысқартып, сонымен қатар фри картобынан бас тартуға мәжбүр болған.

Горскенің жасы 70-тен асты. Бір қызығы, зиян тамаққа әуес Горскенің денсаулығында еш кінәрат жоқ. Артық салмақ жинамас үшін ол күнделікті тоғыз шақырым жер жаяу жүреді екен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: