АҚШ-та консервативті комментатор Чарли Кирктің өліміне байланысты 22 жастағы Тайлер Робинсон есімді Юта штатының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ВВС-дің жазуынша, бұл туралы президент Дональд Трамп Fox арнасына берген сұхбатында мәлімдеген. АҚШ басшысының айтуынша, күдіктіні құқық қорғау органдарына оның әкесі өз қолымен алып барған көрінеді.
«Әкесі ұлын сендірді. Екеуі көлікпен полиция бөлімшесіне барып, ол қазір сонда отыр», - деді Трамп.
Президент бұл мәліметтің әлі нақты еместігін, бірақ алдын ала деректерге сәйкес, Робинсонды әкесінің өзі билікке тапсырғанын атап өтті.
Осылайша, Чарли Кирктің өліміне қатысты тергеу ісінде басты күдікті қолға түсті. Тергеу жалғасып жатыр.