АҚШ-та балаларын ашқұрсақ ұстаған танымал блогер 60 жылға сотталды

22 Ақпан, 09:02 1011

Американдық танымал блогер Руби Франке төрт мерзімге сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The Guardian мәліметінше, ол балаларына тамақ бермей, ұйықтатпай, әбден қинаған.

2,3 миллион оқырманы бар «8 Passengers» YouTube-арнасының иесі былтыр тамыз айында Юта штатының Айвинс қаласында ұсталған. Оның қан-жоса әрі қолы байлаулы болған 12 жасар ұлы үйдің терезесінен қашып шығып, көршілерінен көмек сұраған.

Көп ұзамай Франкенің 9 жасар қызы да осындай күйде табылды. Жалпы, блогердің алты баласы бар.

Бір қызығы, ол Франкенің өзі де, оның серіктесі – өз-өзіңді дамыту бойынша кеңес беруші Джоди Гильдебрандт та балаларды тәрбиелеу және отбасындағы қарым-қатынас бағытында жұмыс істеп жүрген. Сол үшін Гильдебрандтқа да осындай жаза тағайындалды.

Франке мен Гильдебрандт кінәларын толық мойындаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: