АҚШ штаттарының бірі TikTok-қа тыйым салды

19 Мамыр 2023, 07:26 1043

Монтана әлемдегі ең көп жүктелген қосымша – TikTok-қа заңды түрде тыйым салған АҚШ-тың алғашқы штаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заңға штат губернаторы Грег Джанфорте қол қойды.

Монтана тұрғындарының жеке деректерін Қытай коммунистік партиясынан қорғау үшін мен Монтанада TikTok-қа тыйым салдым, - деп жазды губернатор Twitter-де.

Тыйым 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Google және Apple онлайн дүкендерінде сол күннен бастап Монтана штатының аумағында TikTok-ты жүктеуге тыйым салынады.

Платформаны пайдаланып жүргендерге санкциялар салынбайды.

Берік Арманов
Бөлісу: