АҚШ президенті Джо Байден Израильге барады

17 Қазан 2023, 09:51 3113

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джо Байден өзінің сапары арқылы АҚШ-тың Израильмен ынтымақтастығын көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байденнің сапары Израильге қолдау көрсетуге арналған. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен және басқа израильдік шенеуніктермен кездеседі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Америка гуманитарлық көмекті Газа секторына ХАМАС пайда көре алмайтындай етіп жеткізуге ниетті.

Израильден кейін Джо Байден Иордания астанасына барады. Амманда ол Иордания Королі Абдулла II, Египет президенті Абдель Фаттах Сиси және Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: