09.08.2025
05:29
640
АҚШ Николас Мадуроны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін сыйақыны көбейтті

АҚШ Николас Мадуроны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін сыйақыны көбейтті

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстауға мүмкіндік беретін ақпарат үшін сыйақыны 50 млн долларға дейін көтерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ВВС-дің жазуынша, Вашингтон оны «әлемдегі ең ірі есірткі саудагерлерінің бірі» және «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруші» деп атап отыр. 

Әділет министрлігі мен Мемлекеттік департамент Николас Мадуроны ұстауға алып келетін ақпарат үшін 50 млн доллар сыйақы тағайындайды. Ол – әлемдегі ең ірі есірткі саудагерлерінің бірі және біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатер, - деді АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди. 

Венесуэла сыртқы істер министрі Иван Хиль Пинто сыйақы мөлшерінің екі есе артуын «аянышты» деп атап, АҚШ-тың мәлімдемесін «саяси насихат» деп бағалады.

Еліміздің абыройы сатылмайды. Біз бұл өрескел саяси насихаттық әрекетті жоққа шығарамыз, - деп жазды ол Telegram желісінде.

AFP агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін сыйақы мөлшері 25 млн доллар болып белгіленіп, ол қаңтар айында жарияланған.