АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израиль келісім бермейінше, Палестина мемлекетінің құрылуы мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ол Fox Radio радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді. Анадолының жазуынша, Марко Рубио бірқатар Батыс елдерінің Палестинаны мойындауы — орынсыз және мәнсіз қадам.
Бұл ештеңе өзгертпейді. Мұның мағынасы жоқ, - деді Рубио.
Ол Палестинаны мойындаған елдерді ХАМАС-пен ынтымақтастықта айыптап, бұл әрекеттер «террористік ұйымды марапаттау» деп бағалады. Сонымен қатар, бұл елдердің Палестина мемлекетінің шекарасы қайда болатынын және оны кім басқаратынын білмейтінін айтып, олардың шешімі кері әсер беруі мүмкін екенін ескертті.
Рубио сондай-ақ, Ұлыбританияның егер қыркүйекке дейін бітім болмаса, Палестинаны мойындаймыз деген мәлімдемесін сынға алды. Оның пікірінше, мұндай ұстаным келіссөздер процесіне зиян келтіреді.24 маусымда Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйектегі сессиясында Палестинаны мойындау ниетін мәлімдеді.
Сондай-ақ Канада, Мальта және Ұлыбритания билігі Палестинаны мойындауға дайын екенін жеткізді. Ресми шешімдер БҰҰ жиыны кезінде жариялануы мүмкін.