18.09.2025
09:20
467
АҚШ азаматтық беруге қатысты өзгерістер енгізді

АҚШ азаматтық беруге қатысты өзгерістер енгізді

АҚШ азаматтығын алу үшін тапсыратын тестілеуде қайтадан ел тарихы мен мемлекеттік құрылым негіздерін білуге байланысты сұрақтар енгізілді. Бұл туралы Dailysignal басылымына сілтеме  жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

 USCIS (АҚШ азаматтық және иммиграциялық қызметі) деректеріне сәйкес, азаматтық алу емтиханының соңғы нұсқасы америкалық тарих пен мемлекеттік басқаруды түсіну үшін маңызды тақырыптарды қамтиды, – делінген жарияланымда.

Сонымен қатар азаматтық алу құқығы тек ағылшын тілін меңгергенін дәлелдеген үміткерлерге ғана беріледі. Оған оқу, жазу, ауызша сөйлеу дағдылары және елдің заңнамалық жүйесін түсіну қабілеті кіреді.