Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында той кортежін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін жаппай бұзғандар жазаланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға 3 тамызда болған. Облыстық полиция ақпаратынша, жол ережесін бұзғандарға 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда:
1. Toyota Camry автокөлігінің жолаушылары — ҚР ӘҚБтК 615-бабының 5-бөлігі бойынша 2 хаттама (жолаушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін мінез-құлық ережелерін бұзуы);
2. Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі — 3 хаттама:
• 596-бап, 5-бөлік — жол белгілері мен таңбаларының талаптарын бұзу, апатты жағдай туғызу;
• 595-бап, 1-бөлік — маневр жасау ережелерін бұзу;
• 612-бап, 5-бөлік — қауіпті маневр жасау.
3. Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі — 3 хаттама:
• 596-бап, 5-бөлік — жол белгілері мен таңбаларының талаптарын бұзу, апатты жағдай туғызу;
• 595-бап, 1-бөлік — маневр жасау ережелерін бұзу;
• 612-бап, 5-бөлік — қауіпті маневр жасау.
4. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі — 2 хаттама:
• 593-бап, 3-бөлік — белгіленген жылдамдықты сағатына 20 км/сағ-тан артық, бірақ 40 км/сағ-тан аспайтындай мөлшерде арттыру;
• 599-бап, 1-бөлік — жарық беру аспаптарын пайдалану ережелерін бұзу.
5. Тағы бір Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі — 2 хаттама:
• 590-бап, 2-бөлік — көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның оны басқаруы;
• 593-бап, 3-бөлік — белгіленген жылдамдықты сағатына 20 км/сағ-тан артық, бірақ 40 км/сағ-тан аспайтындай мөлшерде арттыру.
Барлық құқық бұзушылар заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы ретте полиция жол қозғалысы ережелерін әдейі және топ болып бұзу, соның ішінде үйлену немесе өзге де автокөліктер колоннасында жүру жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салады.