Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жастармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге өңірлердегі жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жастар істері басқармаларының жетекшілері қатысты.
Болашағымызға бағдар болатын әділетті де қуатты Қазақстан идеясы – жастардың жарқын бағыты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген сөзі жастарға деген сенім мен қамқорлықтың айқын белгісі. Сондықтан мемлекет тарапынын жастарға ұдайы қолдау көрсетіліп, тең мүмкіндіктер беріліп отыр,- деді Дархан Қыдырәлі.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында өңірден келген өкілдер NEET санатындағы жастармен жұмыс, шағын гранттар, жастардың мәселелерін көтеретін клубтар құру, жастардың еңбек орындарындағы жалақыларын көбейту мәселелерін көтеріп, түрлі ұсыныстарын айтты.
Отырыс соңында қатысушылар министрліктің алғыс хаттарымен марапатталды.