Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзі тіркелген сайлау учаскесіне дауыс берушілер көп келіп жатқанын жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Азаматтық парымызды өтеп, таңдауымызды жасадық. Біз тіркелген сайлау учаскесіне дауыс беру үшін келіп жатқандар көп. Елімізге қайырлы болсын», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.