Ақпарат және қоғамдық даму министрі медианың басты миссиясы туралы айтты

26 Қазан 2022, 15:49 2287

Министр Дархан Қыдырәлі азаматтарды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру туралы айтты

Азаматтарды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру, өзгеріске бастау - журналистика мен медианың басты миссиясы. Бұл туралы Astana Media Week шарасының ашылуында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі  айтты, деп хабарлайды El.kz

«2021 жылдың деректері бойынша 16-64 жас аралығындағы интернет пайдаланушылардың 63%-ы интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланған. Осылайша, интернеттегі жаңалықтар мен визуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды. Біздің дәстүрлі медиа, әсіресе, баспа басылымдары мұны қаперде ұстауы тиіс.

Сонымен бірге тәуліктік жаңалықтар циклы мен әлеуметтік желілер жаңа кезеңнің пост-шындық дәуірінің пайда болуына әсер етті. Осындай жағдайда ақпарат жинау, оны сараптау мен тарату аса маңызды жауапкершілік жүктейді.

Сондықтан әлемдік «бас ауруға» айналған ақпараттық адасушылық кезінде азаматтарға ой салу, оларды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру, өзгеріске бастау журналистика мен медианың басты миссиясы», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Бөлісу: