09.01.2025
17:15
995
Ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттамақ

Ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттамақ

Қазақстанның 36 энергия өндіруші ұйымы электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған. Осылайша Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.

Яғни, бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін.

Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат - мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі себеп болған.