Ақмолалықтан трамадол тәркіленді: ер адамға сот үкімі шықты

Бүгiн, 17:29 125

Көкшетауда алғаш рет дәрі-дәрмекке тәуелділікке қатысты үкім шығарылды. Сотталған адам трамадолды заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Көкшетау қалалық соты трамадолды сақтаған ақмолалыққа қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарынан көрініп тұрғандай, шілде айында қала тұрғыны 40 ампулалы трамадол пакетін тауып, оны өзі тұтыну үшін сақтамақ болған. Алайда сол күні жедел уәкілдер оны ұстап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот ұсталған азаматты кінәлі деп танып, желтоқсан айында оған айыппұл түрінде жаза тағайындады, - делінген мәліметте.

Көкшетау тұрғынына бір ай ішінде төлеуге міндетті 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полицейлердің айтуынша, трамадол ­– синтетикалық опиоидты анальгетик, яғни жасанды түрде алынған ауырсынуды басатын дәрі. Бұл дәрі онкологиялық науқастарды емдеуде қымбат морфиннің орнына қолдану үшін жасалған. Алайда қазіргі кезде трамадол да басқа есірткілер сияқты арнайы белгілер арқылы таратылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: