Ақмолалық құтқарушылар жаппай қан тапсырды

22 Қазан, 19:00 333

Ақмолалық құтқарушылар жаппай қан тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласының қан орталығы облыстық ТЖ департаментінде бағалы биоматериалдарды көшпелі жинауды ұйымдастырды. Донорларды қабылдау таңертеңнен басталды. Қан тапсырғысы келетіндердің әрқайсысы медициналық тексеруден өтіп, қан орталығының дәрігерлері биоматериалды алуға қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын қатаң бақылап отырды.  Бұл күні ведомствоның 24 қызметкері қан доноры болды.

ТЖМ мәліметінше, төтеншеліктердің көпшілігі бұған дейін тұрақты қан доноры болып табылады. Сонымен бірге олар медициналық мекеме өткізетін акцияларға белсенді қатысып жүр.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Зарина Арман
Бөлісу: