Ақмолалық ММА бойынша Азия чемпионы атанды

23 Желтоқсан 2023, 03:27 1338

Бахрейнде аралас жекпе-жектен IMMAF Азия чемпионаты аяқталды, онда 16 елден 252 спортшы үш жас тобы бойынша бақ сынады: 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, 18-20 жас аралығындағы жастар, 21+ ересектер, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының спортшылары алтын, күміс және қола медальдарға қол жеткізді.

Ересектер арасында 61,2 келі салмақта Зохраб Велиев чемпион атанды. Ол лайықты жекпе-жек өткізіп, финалдық жекпе-жекте үстемдік етті.

Амантай Айтқали ересектер арасында 52,2 келі салмақта екінші орын алды. Финалдық жекпе-жекте әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне жол берді. Ақмолалық үш раундта да басымдық танытқанымен, финалдық белдесуде төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Ол өзінің алдын ала белдесулерінде сенімді жеңіске жетті.

Жастар арасында Әділ Дүйсен (65,8 келі) қарсыласына сенімді түрде қарсы шыққанымен, жартылай финалда қарсыласына жол беріп, қола жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Баян Жанғалов ел құрамасы командалық есепте бірінші орын алғанын атап өтті.

«Құрлық біріншілігінің деңгейі өте жоғары. Әр ел нағыз лайықты жауынгерлерін әкелді. Ең бастысы, біз мықты командалардың бірі мәртебесін растай алдық», – деді Баян Жанғалов.

 
 
Берік Арманов
Бөлісу: