Ақмоладағы Красный Яр ауылында 280 орындық жаңа балабақша ашылды

23 Қазан, 00:21 383

Көкшетау қаласына қарасты Красный Яр ауылының Нұрлы Көш шағынауданында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика күніне орай мектепке дейінгі білім ұйымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа балабақша – заманауи үш қабатты ғимарат, жалпы ауданы 3 мың шаршы метрден асады.

Мекемеде балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Кең топтық бөлмелер, заманауи асхана, музыка және дене шынықтыру залдары бар, олар уақыт талабынасай жабдықталған. Балабақшаның ерекшелігі – мұнда тек тәрбиешілер ғана емес, балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға көмектесетін бейіндімамандар да жұмыс істейді. 

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа мектепке дейінгі мекемеге барып, тәрбие ошағының тынысымен танысты. Өз сөзінде аймақ басшысы бұл нысанның ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті.

Жаңа балабақшаның ашылуы – ауылдық жерлерде білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Мұндай жобалар мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттыруда және балалар мен олардың ата-аналары үшін жайлы жағдай жасауда басты рөл атқарады, – деді облыс әкімі.

Айта кету керек, бұл балабақша Нұрлы Көш шағынауданындағы жалғыз білім беру мекемесі болып табылады. 

Зарина Арман
Бөлісу: