Ақмоладағы ауыл тұрғынының үйінен қару-жарақ қоймасы табылды

17 Маусым 2023, 19:14 769

Ақмола полицейлері ауыл тұрғынының үйінен жасырын қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Зеренді ауданының Садовое ауылында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасын анықтаған.

Калашников АҚСУ-74 автоматын, оған 5,45 мм калибрлі 29 оқты және 16 калибрлі ТОЗ аңшылық тегіс ұңғылы мылтықты тәркіледі. Ауыл тұрғынының айтуынша, оған автомат пен оқтар қайтыс болған досынан, ал мылтық әкесінің мұрасынан қалған. ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Тергеу аясында ақмолалықтың айғақтары мұқият тексерілетін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: