Ақмолада жүргізуші жылдамдық режимін 137 рет бұзған

13 Маусым 2023, 21:19 580

Жүргізушіге салынған айыппұлдар сомасы 1 млн теңгеден асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының аумағында жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету және әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өндіріп алу мақсатында полицейлер ағымдағы жылдың 7-30 маусымы аралығында жеке сот орындаушыларымен бірлесіп “Борышкер” ЖПІШ жүргізеді. 

“Борышкер” ЖААІШ өткізу кезеңінде “Қорғау” бағдарламасы кеңінен қолданылады. Оның көмегімен 5 және одан да көп әкімшілік айыппұлдары баржүргізушілердің 20 көлік құралы ұсталды. Бұл ретте 14 қасақана бұзушы шамамен 3 млн теңге сомаға айыппұл төледі. 

Олардың ішіндегі ең құқық бұзушы РФ-да есепте тұрған Toyota Camry автокөлігін басқарған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. “Қорғау” бағдарламасының көмегімен полицейлер ер адамның жылдамдықты 137 рет асырып жібергенін анықтады. Бұл құқық бұзушылық 1 млн 250 мың теңге айыппұлды құрады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушының көлігін арнайы тұраққа қамады. 

Бұдан басқа, “Қорғау” бағдарламасының көмегімен жүргізушілері басқару құқығынан айырылған 3 көлік анықталды. Бұл көлік құралдары базада басқару құқығынан айырылған деп аталды. 

Жалпы, “Борышкер” ЖПІШ өткізу кезеңінде борышкерлерден шамамен 30 млн теңге өндірілді, 43 көлік құралы арнайы тұраққа қамалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: