Ақмолада жол апатынан жүргізуші көз жұмды, екі адам ауруханаға жеткізілді

11 Мамыр 2023, 11:50 761

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында жол апаты орын алып, 40 жастағы жүргізуші көз жұмды, тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жол апаты 11 мамырда «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1324 шақырымында болған. Алдын ала анықталғандай, «Тайота Камри» көлігі арақашықтықты сақтамай, алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің 40 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода мәліметінше, қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: