Ақмола облысы Аршалы ауданында бөлек алаңда жинақталған 6 тонна шөп өртенді. Оқиға Константиновка ауылында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызыл жалын аумағы - 30 шаршы метр. Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен төтеншеліктер шөпті бөлшектеп, өртті толықтай сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.