Ақмолада жеке тұрғын үй өртенді

23 Наурыз, 10:40 617

Ақмола облысында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында болған, деп хабаралйды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын үйдің 50 шаршы метр алаңында өрт шыққан. Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 3 құтқарушы және 3 техника, Астана қалық ТЖД жеке құрамынан 11 құтқарушы және 2 техника және Жібек жолы а. ЖАО жанындағы өрт сөндіру депосынан 3 құтқарушы және 3 техникасы жөнелтілді.

Төтеншеліктердің хабаралуынша өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: