Ақмолада үйлерді су басудың алдын алу жұмыстары қарқынды жалғасуда

26 Наурыз, 21:29 784

Ақмолалық төтеншеліктер тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алу шараларын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Көкшетау, Қосшы, Целиноград, Аршалы, Жарқайың аудандарындағы елді мекендер ішінде еріген суды айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 64 мың текше метрден астам еріген су шығарылды.

Ақмола облысында тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. Су тасқыны ерекше бақылауда,-делінген ведомство мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: