14.06.2025
23:10
1071
Ақмолада құтқарушылар 73 жастағы әйелді аман алып қалды

Ақмолада құтқарушылар 73 жастағы әйелді аман алып қалды

Ақмола облысында 73 жастағы әйел пәтерінен құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Көкшетау қаласында 1952 жылы туған әйелдің ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабар түскен. 

Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы аспалы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашып, жуынатын бөлме еденінде жатқан әйелді тапты. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі егде жастағы адамдарды қараусыз қалдырмауға және оларға тұрақты түрде назар аударып отыруға кеңес беріп отыр.