Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды

15 Қараша 2022, 17:31 1068

Қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталып жатыр

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 05.53-те Көкшетау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында автобус аялдамасына соқтығысқан Mercedes автокөлігінің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіру барысында көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды.

Полиция басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталуда.

EL.KZ
Бөлісу: