Ақмолада бір күнде 6 ауданда дала өрті тіркелді

8 Қазан, 19:37 647

Ақмола облысында бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөптер мен қамыстың өртенді. Өрт 33 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 аудандағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елдімекендерге қауіп болған жоқ.

Барлық фактілер бойынша халықтың отты абайсыз пайдалануы себеп болған. Атап айтқанда өрт төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекіден шыққан.

Зарина Арман
Бөлісу: