27.04.2025
05:18
1525
Ақмолада 40 гектар жердегі құрғап шөп өртенді

Ақмолада 40 гектар жердегі құрғап шөп өртенді

Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалаларында, сондай-ақ Бурабай және Біржан сал аудандарында құрғап шөп өртенді. Қызыл жалынның жалпы 40 гектар жерді құраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соның ішінде 35 гектар жердегі өрт Біржан сал ауданында болған.

Төтеншеліктердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің орман алқабына одан әрі таралуына жол берілмеді.

Қабылданған шаралармен алапат өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда.