Ақмола тұрғыны шетелден әкелінген 62 көлікті заңсыз есепке қойған

30 Мамыр 2023, 20:51 667

Ақмола полицейлері 500 млн теңге сомасына заңсыз есепке қою фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосы таратқан мәлімет бойынша, заңсыз әрекет мамыр айының ортасында айқындалған.

Ақмола облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады. Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады. Бұл факт ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген, - делінген ақпаратта.

30 жастағы жігіт анықталып, оның іске қатысы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Полицейлер тексеруді жалғастырып жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: