21.09.2023
17:00
897
Ақмола тұрғыны алтын өңдейтін цех ашқан

Ақмола тұрғыны алтын өңдейтін цех ашқан

Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша шағын цех жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндірісті жүргізген. Полиция қызметкерлері ұсақтау аппараты мен басқа да жабдықтарды ақмолалықтың тұрғылықты жерінен тапты.

Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасуда.