Ақмола облысының учаскелік полицейі қарлы боранда қалып қойған балықшыларға көмектесті

17 Қаңтар, 20:21 824

Ақмола облысының учаскелік полицейі қарлы боранда қалып қойған балықшыларға көмектесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 қаңтарда Астана қаласының екі тұрғыны Аршалы ауданында орналасқан Кенетай көліне жеңіл автокөлікпен балық аулауға барған. Діттеген орынға жетіп, көлікті жағадан шамамен 1,5 км қашықтықта қалдырып, ер адамдар балық аулауға кірісіп кеткен.

Бірақ өкінішке орай, келесі күні ауа райы нашарлай бастады, боран болып, айналаның көрінуі нашарлады. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, астаналықтар балық аулауды тоқтатып, үйлеріне қайтпақ болған. Алайда көлікті орнынан қозғау мүмкін болмады.

Жағдайдың қиын екенін байқаған ер адамдар таныстары арқылы осы аймақты жақсы білетін жергілікті учаскелік бөлімшемен байланысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құқық қорғау органы көмекке бірден іске кірісіп, балықшыларды іздеп тапты. Аршалы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ учаскелік инспекторы Асылхан Омаровтың айтуынша, қардың көп жауғаны соншалық көлік қозғалмай, тұрып қалған.

Тәртіп сақшысы балықшыларға көлікті тастап, үйге барып, боран басылғаннан кейін қайта келген абзал екенін айтқан. Екі күннен кейін полиция қызметкері астаналықтармен байланысып, көліктерін алып кетуге болатынын айтты. Сол жерге жеткеннен кейін қарағандылық үш азаматпен бірге тағы екі көлік қалып қойғанын байқады. Олар мұнда ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт күн бойы тұрып қалған. Олар да бұл жерден шыға алмады, өйткені бүкіл жолды қар басып қалған. Қуанышымызға орай, мұндай боранда жаурап немесе тамақсыз қалмаған.

Маған жолды тазалап, кептеліп қалған көліктерді сүйреп апара алатын K700 бульдозерін іздеуге тура келді. Көлік құралдарын шақыруға екі сағаттай уақыт кетті. Біздің жұмсаған күш-жігеріміз бекер болмағаны қуантады, барлық саяхатшылар үйлеріне аман-есен оралды, – дейді Асылхан Омаров.

Елорда тұрғыны болған оқиғаны толық айтып, учаскелік инспекторға барлық атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, батылдығын, кәсібилігін және сезімталдығы үшін алғысын білдіріп, бейнежазба жолдады.
 

Перизат Саденова
Бөлісу: