01.12.2023
22:22
1406
Ақмола облысының өрт сөндірушілері екі баланы өлімнен құтқарды

Ақмола облысының өрт сөндірушілері екі баланы өлімнен құтқарды

Ақмолалық өрт сөндірушілер өрт кезінде екі баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Степногорск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде орын алған өрттен 2 және 7 жасар бала құтқарылып отыр.  Үш техника мен жеке құрамның 8 адамы шақырту орнына 4 минутта келіп өртті 17 минут ішінде жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын-ала себебі – балалардың отпен ойнауынан болып отыр. Осы ретте ТЖМ балалардың отпен ойнауына жол бермеу және оларды қараусыз жалғыз қалдырмауды қаперге салады.