Ақмола облысының күрделі мәселелері туралы айтты

10 Наурыз 2023, 16:28 2416

Әр көктем келген сайын қар қалың түскен өңірлерді су басады. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі биылғы табиғи апаттың алдын алу үшін Ақмола облысында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын облыс әкімінің орынбасарынан сұрап білді. Облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, бүгінде қауіпті аймақта тұрған 56 елді мекен бар. «Бұлардың көбісі Елорда маңында орналасқан. Нұра және Есіл өзеніне жақын орналасқан Атбасар, Зеренді секілді бірнеше аудан кіреді. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жыл сайын қаржы бөлінеді. Қазіргі уақытта 2,5 млрд теңге қаражат резервте тұр. Арнайы техникалар мен жанар-жағармай дайындалды. Бұдан бөлек өзендерде тұрған гидротехникалық құрылымдарға қатысты жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта мұз жару жұмыстары 10-наурыздан бастап жүргізіледі. Бір-екі күн ішінде қар деңгейі біршама түсті. Енді оны шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы көктемгі табиғи апаттың алдын алу бойынша дайындық бар», – деді әкім орынбасары.

Миражан Махан
Бөлісу: