Ақмола облысында соңғы күндері ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр мен қар аралас жауа бастады. Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерге жолда сақтық шараларын күшейту керектігін ескертті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, температураның төмендеуі жолдардың тайғақ болуына әкеліп, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыруда.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге келесі кеңестерді берді:
Сонымен қатар, полиция қысқа дайындықтың маңызды екенін атап өтті: жанармай, антифриз, және авариялық құрал-жабдықтар тексеріліп, қажет болған жағдайда толықтырылуы тиіс.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында қыс қарсаңында шамамен 4 мың шақырым жол тексеріліп, бірқатар кемшіліктер анықталған болатын. Полицейлер тұрғындарды жолға шыққанда аса мұқият болуға шақырып, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруді ұсынды.